Массажист*

3W09130102
16921 қаралым

Сипаттама

Массаж жасаушы – бұл адамның қал-жағдайын жақсартып, денесіне үстірт механикалық әсер беретін маман. Массаж жасаушыны алаңдататын басты мәселе – адамға зиянын тигізіп алмау.

Массаж жасаушының негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  • клиентті процедураға дайындау;
  • массаждың қажетті түрін қолмен немесе арнайы құрылғылардың көмегімен орындау;
  • массажды мануалды терапиямен, емдік дене шынықтырумен немесе дәрігер тағайындаған басқа да процедуралармен үйлестіру;
  • процедура кезінде пациенттің жағдайын бақылау;
  • келушілерге кеңес беру;
  • кабинетте гигиеналық нормаларды және қауіпсіздік техникасын сақтау;
  • тиісті құжаттаманы жүргізу;
  • қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету.

Орта есеппен алғанда жас маманның жалақысы 100-120 мың теңгені құрайды. Көбінесе клиенттердің санына байланысты.

Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу үшін және одан әрі жұмыс істеу үшін студент биология негіздерін білуі қажет.

Массаж жасаушының бойында сабырлық және өзіне-өзі деген сенімділік, жауапкеркершілік, көпшілдік, мейірімділік және әрбір пациенттің бабын таба білу, ілтипаттылық, салмақтылық, үнемі даму мен оқуға ұмтылу сияқты қасиеттер болуы керек. Жұмысы көп жүктемемен байланысты болғандықтан, дене күші мен төзімділігінің маңызы зор.

Жоғары деңгейдегі маман болу үшін 3 жыл қажет.

Массаж – клиент үшін денесіне пайдалы рақат сыйласа, ал массаж жасаушы үшін ауыр физикалық еңбек болып табылады. Жұмыстағы қиындықтар клиенттерді іздеумен, жұмыстан кейінгі физикалық шаршаумен, сондай-ақ кәсіптік аурулардың: қол буындарымен, омыртқамен, аяқтағы варикозды тамырлармен байланысты болуы мүмкін. 

Бұл мамандықтың артықшылығы – өзіне жұмыс істеу және өз уақытын жоспарлау мүмкіндігі.

Массаж жасаушылар медициналық ұйымдарда, фитнес-клубтарда, сұлулық салондарында, спорт ұйымдарында, профилакторияларда жұмыс істей алады. Салауатты өмір салты мен өзін-өзі күту қазіргі таңда сәнге айналды, сондықтан массаж шеберіне жұмыс әрқашан табылады.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Емтихансыз. Әңгімелесу

496
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны

Бейіндік пәндер

Қайда жұмыс істеуге болады

Жеке практика, ауруханалар мен емханалар

Бізді қалай таба аласыз

+7 (7212) 41-45-32, +7 (7212) 78-00-95
https://karmedkolledzh.edu.kz/, kmedcollege@mail.ru
Карагандинская область, город Караганда, улица Чкалова дом 9
https://kssk.mycollege.kz/