Біз туралы

Қарағанды қ. медициналық колледжі 1935 жылы ұйымдастырылған және  Республика мен облыста бірінші орта оқу мекемелерінің бірі болып табылады.  Бастапқы кезде медбикелер мен акушерлерге  арналған 2 жылдық мектеп болып   ашылған.

Мектепте түрлі жылдары  денсаулық сақтау облысының  белгілі ұйымдастуршылары Алалыкина Г.Н. ,Коломенская Г.А., Раева М.И., Еронина С.В., Макажанов Х.Ж., Рахимбеков М.С. жұмыс атқарған

1937 жылы алғашқы түлектер шықты.  Акушер мектебінің түлектері өздерінің азаматттық және кәсіптік  борыштарын  Ұлы Отан соғысында атқарған. Колледждің түлектері – қаланың белгілі дәрігерлері:  Мадыкенова – дәрігер, хирург, медицина ғылымдарының докторы , Тодорова М.П. облыстық бет-жақ емханасының бас дәрігері, Балтабаева Ф.А. – тіс емханасының  бас дәрігері және т.б. Біздің колледждің көптеген   түлектері тәжірибелік денсаулық сақтау  саласында  беделді және  бас немесе аға мейірбике болып қызмет атқарады.

Соғыс жылдарынан кейін   оқу мекемесіндегі дайындық  келесі мамандықтар бойынша жүргізілді:  фельдшер, акушер, санитарлық  фельдшер, тіс техниктері, фармацевт, мейірбике, зертханашы.

Осы жылдар ішінде   Республиканың түрлі аймақтары мен  ТМД елдерінде қызмет атқарып жүрген  70-ке жуық  түлектер шығарылып,  22 мыңнан астам   мамандар дайындалды.  Көптеген жылдар бойында 1996 жылға дейін  колледж  республиканың орталық аймағының  базасы болып табылды.  1989 жылдан бастап   білім беру істері  мемлекеттік тілде жүргізіле  бастады.

Қарағанды қаласының медициналық колледжі – Қазақстанның  көне  орта арнаулы   оқу мекемелерінің бірі. Жұмыс ұйымдастыруда  педагогикалық ұжым медициналық және педагогикалық  ғылым мен тәжірибенің  дәстүрлері мен заманауи жетістіктерін  шебер байланыстырады.

Оқу материалдық базасы 30-дан астам  оқу аудиторияларымен, бөлмелермен және кабинеттермен жабдықталған. Жаңа зертханалар ашылған – санитарлық-химиялық,  микробиологиялық,  зертханалық жұмыстарды орындау  технологиясы,  «кіші ота жасайтын бөлме», процедуралық және  таңу кабинеттері  және  т.б. Заманауи компьютер  сыныбы,  Интернетке шығу жолдары, электрондық пошта, мультимедиялық зал.   Колледж ашылған күннен бастап,  жалпы қоры 35 мың дана кітаптары  бар,  кітапхана жұмыс жасайды. Үнемі жаңартылып тұратын  оқулықтар,  баспа басылымдары  студенттердің білімін арттыруға көмектеседі. Кең оқырман залы  көптеген студенттерге  оқу сабақтарына дайындалуға  мүмкіндік береді. Колледжде электронды жабдықталған кітапхана, электрондық тасымалдаушыларға  арналған  оқу және    ақпараттық материалдар жеткілікті мөлшерде.

Колледж  2009 жылдың 26 наурызынан 1 сәуір аралығында оқу мекемелерін  лицензиялауға қойылатын  біліктілік талаптарға сай  мемлекеттік аттестаттаудан өтті.  Қарағанды қаласының медициналық колледжінің   жоғары топ оқушыларының  тестілеу нәтижесі -  97,5%,   сапа көрсеткіші – 73 %.

Қазіргі уақытта  колледждің басшысы – ҚР білім беру  мен денсаулық сақтау салаларының  үздігі, жоғары санатты оқытушы, медицина ғылымдарының кандидаты  Ахмадишин Ильгизар Миргазиянович

Мамандарды дайындау ҚР-ның  заманауи білім беру   мен тәрбиелеу саясатын  жүзеге асыру және  денсаулық сақтау жүйесін реформалау арқылы жүзеге асырылуда. Жас мамандарды  жоғары білікті педагогикалық ұжым дайындайды, оның ішінде медицина ғылымдарының кандидаттары, ҚР-ның білім беру және   денсаулық сақтау үздіктері мен 30-дан астам  денсаулық сақтау   саласында  тәжірибелері бар  бірінші және екінші санатты оқытушылар.  

Қазіргі уақытта  колледжде 1039  оқушы білім алуда.

Жас мамандарды  жоғары білікті  оқу мекемесінің  дәстүрін қолдайтын  жоғары білікті  оқытушылар мен қызметкерлердің  педагогикалық ұжым дайындайды.  Олардың ішінде  медицина ғылымдарының кандидаттары, ҚР-ның 8 денсаулық сақтау үздіктері мен 40-тан астам  денсаулық сақтау   саласында  тәжірибелері бар  бірінші және екінші санатты оқытушылар.  

Оқытушылар соңғы жылдар ішінде  ҚР Білім және ғылым Министрлігіне қарасты  оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау конкурстарына жиі қатысады.

Үлкен кәсіби  және педагогикалық тәжірибесі бар оқытушылар өздерінің  ғылыми басылымдарымен  республикалық, облыстық газеттерге мақалаларын шығарып,  өз тәжірибелерін  облыс және аймақ көлемінде  түрлі жолдармен қорытындылауда

Біліктілікті арттыру бөлімінің меңгерушісі  Дреева Н.И.  Қазақстанның  орта медициналық және  фармацевтикалық қызметкерлерінің  Съезі мен  ҚР терапевтері  Съезінің  делегаты болып сайланды.  Колледж оқытушысы  Баймаганбетова К.М. ҚР денсаулық сақтау  Министрлігініңі  «Дәрігер – жыл оқытушысы»  республикалық конкурсының жеңімпазы атанды.   Оқытушылар халықаралық  конференцияларға, семинарларға белсенді түрде қатысады.  

Педагогикалық ұжым  үнемі творчестволық ізденісте, кәсіби білім беруде  заманауи инновациялық технологиялар,   педагогикалық зерттеу элементтері бар   алаңдары  қалыптасуда:  жеке бағдар бойынша білім берудің ұжымдық жүйесі, білім берудің белсенді  әдістері және т.б. Оқытушылар үшін  «Шебер  сыныптар», «21-ғасырдың сабағы», «Клиника»   жұмыстары ұйымдастырылған.  

Қазіргі уақытта   ұжым  сапа менеджмент жүйесінің   теория және тәжірибе сұрақтарын,   дайындықты арттыру мақсаты мен  еңбек нарығына бәсекелестікке  қабілетті   мамандарды дайындауда   ISO серия 9000:2000  стандарттарын  зерделеуде. Әкімшілік өкілдері  КР СП «Интерсертифика – ЦЕНТРАЗИЯ» білім алу курстарынан өтті.   

Барлық шттатағы оқытушылар саны   – 73  адам.

Оның ішінде:  м.ғ.к. – 1 адам

Денсаулық сақтау ісінің үздігі   – 8 адам.

ҚР білім беру ісінің үздік қызметкері   – 1 адам.

штаттағы оқытушылардың:   біліктілігі  бірінші және екінші санаттағы оқытушылар – 51 %

жоғары санатты  – 17 адам;
бірінші санатты  – 17 адам;
екінші санатты  – 21 адам;
бірінші дәрігерлік санатты  – 3 адам.

Мамандарды дайындау келесі мамандықтар бойынша өткізіледі:

База 9 с. (ақылы) “Мейіргер ісі”-

(жалпы тәжірибедегі мейіргер, қаз,орысша)- 320.000 тг.

База 11 с. (бюд.) “Мейіргер ісі”- жалпы тәж. мейіргер (қаз./орыс.)

“Акушер ісі” – акушер (қаз.)

“Емдеу ісі”- фельдшер.(каз/орыс)

“Зертханалық диагностика”-

Медициналық зертханашы (каз)

База 11 с. (ақылы-320.000)

“Мейіргер ісі”- жалпы тәжірибедегі мейіргер, (қаз,орысша) күндізгі/кешкі

“Емдеу ісі”-фельдшер., (қаз.,орысша) күндізгі/кешкі

“Фармация”- фармацевт (орысша)

“Мейіргер ісі”-қолданбалы бакалавриат (қаз./орысша) - 370.000

Орта жалпы кәсіби білім 370.000 “Мейіргер ісі”-қолданбалы бакалавриат (каз.,орысша)

Оқуға түсу үшін керек құжаттар:

* Білім туралы құжаттың (түпнұсқасы +көшірмесі)

* Жеке куәлік  /туу туралы куәлік, төлқұжат / және ЖСН көшірмесі- 2шт

*№ 075 - У үлгідегі медициналық анықтама (фотосымен, флюорограф.)

*Ф-063 екпелер картасының (көшірмесі)

*031-У қорытынды (I және II топтағы мүгедектер үшін)

* тіркеуге тұру куәлігі (ерлер);

* 3х4 см мөлшерінде 6 фотосурет;

Орта жалпы кәсіби білім:

  • Анықтама ж/о+тәжиребі 3ж м/і
  • Еңбек кітапшасы (көшірме)
  • Сертификат м/і

Толығырақ

Біздің біліктіліктеріміз

Өтінім қалдыру
Бағдарлама атауы
Басталуы
Мерзімі

Фармацевт

4S09160101
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 34 ай

Фельдшер

4S09120101
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып: 34 ай

Медициналық зертханашы

4S09140101
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып: 34 ай

Жалпы практикадағы мейіргер

4S09130103
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып: 34 ай

Акушер

4S09130201
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 34 ай

Гигиенист-эпидемиолог

4S09880101
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 34 ай

Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры

5AB09130101
Қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 42 ай
ТжКББ-ден кейін: 18 ай

Массажист*

3W09130102
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2025 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып:
Барлық бағдарламалар (8)
Самет Қуанай Шакуқызы
2024 ж. 16 маусым

11сыныптан кейін фельдшерлікті грантпен оқи аламба?

Бекарыс
2024 ж. 14 ақпан

Саламатсыздарма 9 сыныптан Фельдшер мамандығына грант қарастырылғана? Жатахқана барма?

Анаварбек Айсулу
2023 ж. 19 маусым

Сәлеметсізбе 9ншы сыныптан кейін грантпен оқи аламынба?

Бізді қалай таба аласыз

+7 (7212) 41-45-32, +7 (7212) 78-00-95
https://karmedkolledzh.edu.kz/, kmedcollege@mail.ru
Карагандинская область, город Караганда, улица Чкалова дом 9
https://kssk.mycollege.kz/